Мектебімізде «Жыл мұғалімі – 2026» мектепішілік байқауы ұйымдастырылып өткізіліп жатыр.
С. О. Талжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2026 жылдың 16—20ақпан аралығында «Жыл мұғалімі – 2026» мектепішілік байқауы ұйымдастырылып өткізіліп жатыр.
Бұл байқаудың басты мақсаты – ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар өткізіп, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білетіндіктерін көрсетуде. Байқау екі кезеннен тұрады: пән бойынша сабақ өткізу және оқушылармен сыныптан тыс—шаралар өткізу. Мектепішілік жеңімпаз аудандық сайысқа қатысуға жолдама алады.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#altynsarin_akademiasy
#obb_qaragandy
#umckrg
#нұраауданыбілімбөлімі