Учаскелік инспектор Д.Ш.Базылов және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Р.М.Тлеухан кездесу өтті
С.О.Талжанов атындағы ЖББ мектебінде "Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты онкүндік аясында учаскелік инспектор Д.Ш.Базылов және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Р.М.Тлеухан оқушыларға бала құқықтары туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңы негізінде әр баланың білім алуға, денсаулығын қорғауға, еркін пікір айтуға, қауіпсіз ортада өмір сүруге, зорлық-зомбылықтан қорғалуына толық құқығы бар екені айтылды. Инспектор балаларға құқықтарын білу – өздерін қорғаудың алғашқы қадамы екенін түсіндіріп, өмірлік жағдайларда қандай әрекет жасау керектігі жайлы нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар, міндеттер мен жауапкершілік туралы да сөз болды.
#НҰРААУДАНЫБІЛІМБӨЛІМІ
#адалазамат
#зорлықзомбылықсызбалалықшақ
#құқықбұзушылықтың_алдын_алу
#зорлық_зомбылықтың_алдын_алу