Математикалық сауаттылық апталығы басталды!
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп үкімет үдемелі индустриаландыру керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талапта жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек,ал білім кілті-барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін меңгере алады.Оқушылардың білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу сабақта ғана емес, сабақтан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.
27.01-31.01 аралығында С.О.Талжанов атындағы ЖББ мектебінде «Нақты ғылымдар бейнеленген-әлем» атты апталық өткізіледі. Жоспар бойынша апталықтың бірінші күнінде, яғни 27 қаңтарда апталық салтанатты түрде ашылды. 5-7сыптарда «МИФ патшалығына саяхат»,8-9сыныптарда «МИФ адам өмірінде» атты сынып сағаттары өткізілді.