back-image
"Жараспай жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жараспай жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Құндылыққа бағытталған білім және тәрбие»
11-11-2026 13:37
2026 жылғы 10 қараша күні Жараспай жалпы білім беретін мектебінде «Құндылыққа бағытталған білім және тәрбие» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңестің негізгі мақсаты – білім беру сапасын арттыру, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, педагогтердің кәсіби тәжірибесін саралау және білім алушылардың жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстарды жүйелеу. Кеңес барысында төмендегідей маңызды мәселелер қарастырылды: ???? Сабақта озық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; ???? 2026–2027 оқу жылының І тоқсанындағы оқу үлгерімі мен білім сапасының қорытындысы, төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар; ???? Мектепішілік бақылау анықтамалары мен міндеттері; ???? «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының І тоқсан бойынша қорытынды есебі. Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды. Педагогтер арасында тәжірибе алмасу, білім сапасын жақсарту және тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Жаңалықтар