???? Қоштасар сәт… Естелікке толы күн!
Бүгін “Балдаурен – 2025” лагерінің жабылу салтанаты өтті. Бұл күн — қуаныш пен қимастық қатар өрілген, жүрекке жылы әсер қалдырған ерекше сәт!
???? Артта қалған күндер — шат күлкі мен достыққа, қызықты ойындар мен ұмытылмас сәттерге толы болды.
???? Бүгінгі мерекеде балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін паш етті. Әр топ өз жобаларын, жетістіктерін таныстырды.
???? Жеңімпаздар мен белсенділер марапатталып, барша қатысушыларға жылы лебіздер айтылды.
???? Біз бұл лагерьден тек жаңа достар емес, өмірлік естеліктер алып барамыз.
Қош бол, “Балдаурен”! Келер жазда қайта қауышқанша! ????