Бүгін — Білгірлер күні!
“Балдаурен” лагерінде балалардың зияткерлік қабілетін шыңдайтын, білім мен тапқырлық сыналатын ерекше күн өтті. Бұл күні нағыз білгірлер өз білімін ортаға салып, түрлі байқаулар мен сайыстарда бақ сынады!
???? Ойын арқылы ойландық,
???? Тапқырлықпен жарыстық,
???? Логикалық сұрақтарға жауап беріп, топтық тапсырмалар орындадық.
Балалар өз білімдерін ғана емес, ұйымшылдық пен достықты да көрсете білді.
Жеңімпаздар мадақталып, ал барлығы көңілді әрі пайдалы күн өткізді.
???? Бүгінгі күн — білімнің жарық шуағы сөнбесін деген тілектің дәлелі!