Экстремизм және терроризм сабақтары
29 қараша күні мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Уайділда Н. Ө. оқушыларға экстремизм, терроризм терминдерінің мәнін ашу,адамгершілікке қарсы сипатын түсіндірді
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуалы жөнінде мағлұмат берді.
Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу және осындай іске барғанда Заң алдында жауап беретінің, бұл үлкен құқықбұзушылық екенін айтты.
Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін де айтып түсіндірді.
@bilimboliminura
#жарайды
#құқықбұзушылықтыңалдыналу