back-image
"Жараспай жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жараспай жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Күзгі асар"
18-11-2024 14:16
15 қараша күні мектебімізде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 1-11 сыныптар арасында  "Күзгі асар" жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Күз уақыты молшылыққа толы болғандықтан мақсатымыз күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттап, оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру болды. Әр сынып қолөнер, әртүрлі тағамдар дайындап, үстелді жабдықтады. Күзгі жәрмеңке бірнеше критерийлер бойынша ұйымдастырылды. Тағам бағасы, қолөнердің тақырыпқа сай болуы, оқушылардың киімі талапқа сай болып басты міндетке алынды. Бұл іс-шараға мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы, сынып оқушылары, сынып жетекшілер  белсене қатысты. Сазды музыка аясында, көңілді өткен бұл мерекеден қатысушылар адамгершілік-этикалық тәрбие ала отырып, экономикалық білімдерін кеңейте түсті деуге болады. @bilimboliminura #жараспайжббм #біртұтастәрбие #күзгіасар
Новости