back-image
"Жараспай жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жараспай жалпы білім беретін мектебі" КММ
Құқық бұзушылықты алдын алу жұмыстары
24-10-2024 22:40
Жараспай ЖББ мектебінде кәмелетке толмаған, оның ішінде әлеуметтік қауіпті жағдайдағы қолайсыз отбасыларда тәрбиеленетін балалармен /ондай оқушылар тіркелмеген/ психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып сынып жетекшілер, мектеп психологі балалардың ар-намысына тимейтін бағытта, өмірлік адамгершілік және заң сыйлаушылық қасиеттерді дәріптейтін сұхбаттар сынып сағаттары мен мектептен тыс шараларда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу оның ішінде жыныстық қолсұғылмаушылық жөніндегі бойынша 2024-2025 оқу жылына жоспар жасалып бекітілді. Мектебімізде 2024 жылдың 22 қазан күні 7-11 сынып оқушыларына құқық бұзушылық деген не? Оның себеп салдары қандай? Құқық бұзушылықтың кері әсері қандай? сұрақтарға түсінік берілді. Тәрбиелік мәні бар оқушыларға шынайы өмірден алынған бейнежазба көрсетілді. Ерте жүктілік туралы жалпылама айтылып түсіндірілді. Соңында оқушылар не түсінгендерін ортаға салып бір-бірімен пікір бөлісті. Учаскелік инспектор мен ФАП қызметкерлерімен тығыз байланыс орнатылған. Мектепте кездесулер өткізіліп тұрады. Мектепте «Сақшы ата-ана» жұмыс атқарады. І тоқсан бойынша кешкі уақытта кезекшілік атқарылып, түнгі уақытта себепсіз жүрген оқушы анықталған жоқ. Әр сынып сағаттарында «Жол ережелері» қауіпсіз сағттары кіріктірілген. Учаскелік инспектор шақырылып дәріс оқытылады. #құқықбұзушылықтыңалдыналу #біртұтастәрбие #жараспайжббм @bilimboliminura
Новости