20 қараша - Дүниежүзілік балалар қорғау күні аясында дөңгелек үстел
20 қараша - Дүниежүзілік балалар қорғау күні аясында баланың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру мақсатында мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Момбекова Назира Шапаевнаның ұйымдастыруымен 10 сынып сынып оқушылары арасында " Мен және менің құқықтарым" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында Момбекова Назира Шапаевна бала құқығын қорғау мәселесі жөнінде сөз қозғады. Құқық деген не? Құқық немен қорғалады? Бала еңбегін қанау дегеніміз не? Балалар еңбегінің алдын алу үшін не істеу керектігі жөнінде айтты. " Балалардың құқықтары " тақырыбында презентация көрсетіліп, оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы жан - жақты мәлімет берілді. 10 сынып оқушылары тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді. Біртұтас_тәрбие