Ақпан айының 22-ші жұлдызында Башаагийн Жаңыл Хумарбекқызының ұйымдастыруымен 5 - сыныпта "Бес жолды өлең" әдісі арқылы "Мен әкеммен мақтанамын" тақырыбында өлең жазғызды. Өлең жазбас бұрын оқушылар арасында психологиялық ахуал туғызып, "Бес жолды өлең" ерекшелігімен таныстырып, шығару жолын үйретіп, "Әке" сөзіне топтастыру жұмысын жасады. Оқушылар жеке жұмыс жасау арқылы өз әкелеріне өлеңдерін арнап шығарды.
Мақсаты: Ата-ана ұғымын қалыптастыра отырып, әкелерін құрметтеуге, мақтанышы ретінде көру керек екенің түсіндіру. "Бес жолды өлең" арқылы ойлау дағдыларын дамыту.