"Әке мен бала".
Ақпан айының 7-сі күні 4 сынып оқушыларымен Б.Ж Хумарбекқызының ұйымдастыруымен мәтін оқи отырып, шағын ойтолғау жазғызды. Ойтолғау жазбас бұрын Ы. Алтынсариннің "Әке мен бала" әңгімесі оқылды. Балалармен тақырып талқыланып, пікірлерін білгеннен соң ойтолғау жазу тапсырылды.
Мақсаты: Ы.Алтынсариннің әңгімелерін оқи отырып, әңгіме мазмұнын талқылауға түсінік қалыптастыру, өз ойларын, пікір білдіруге дамыту.