back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Мектебімізде 9–11 сынып оқушылары арасында «Қаржылық сауаттылық» мектепішілік олимпиадасы өтті.
06-11-2026 10:46
Мектебімізде 9–11 сынып оқушылары арасында «Қаржылық сауаттылық» мектепішілік олимпиадасы өтті.
Мектебімізде 9–11 сынып оқушылары арасында «Қаржылық сауаттылық» мектепішілік олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржы саласындағы білімдерін тереңдету, ақшаны тиімді басқару, кіріс пен шығысты жоспарлау, үнемдеу және қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында 9–11 сынып оқушылары қаржылық сауаттылыққа қатысты түрлі тапсырмалар орындап, өз білімдері мен қабілеттерін сынға салды. Атап айтқанда, жеке бюджетті жоспарлау, қаржылық есептеулер жүргізу, қаражатты тиімді пайдалану, жинақ жасау, банк қызметтері мен қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша білімдерін көрсетті.
Олимпиада оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, қаржылық мәселелерді талдау және өмірлік жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Осындай танымдық іс-шаралар жас ұрпақтың экономикалық ойлау қабілетін дамытып, болашақта қаржылық тұрғыдан сауатты, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына мүмкіндік береді. Мақсаты:
Оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту;
Ақшаны дұрыс басқару мен үнемдеу мәдениетін үйрету;
Жеке бюджетті жоспарлау дағдыларын қалыптастыру;
Қаржылық қауіпсіздік пен жауапкершілікті түсіндіру;
Оқушылардың экономикалық ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылығын арттыру.
Жаңалықтар