Хабарландыру
Құрметті ата-аналар!
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының «Калинин жалпы білім беретін мектебі» КММ келесіні хабарлайды:
№64 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына сәйкес қаржылық және материалдық көмек көрсету мемлекеттік қызмет болып табылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы).
Аталған материалдық көмек «Жалпы оқу қоры» есебінен атаулы әлеуметтік көмек алатын балаларға, сондай-ақ жан басына шаққандағы табысы төмен, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы балаларға беріледі. Бұл көмек жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ төтенше жағдайға тап болған және басқа да мұқтаж мектеп оқушыларына да қатысты.
Көмек ата-аналардың карточкалық шотына ақшалай қаражат аудару арқылы беріледі. Биыл ағымдағы жылға ақшалай көмектің мөлшері 43703 теңгені құрайды.
Қаражаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету үшін ата-аналар 15 күн ішінде оқу құралдарын сатып алу туралы есеп беруі керек. Шығындарды растау үшін чектер, түбіртектер және алынған заттың фотосы қажет болады.
Өтініш беру үшін Сізге келесі құжаттар қажет болады:
- өтініш берушінің жеке куәлігі;
- баланың туу туралы куәлігі;
- неке қию немесе бұзу туралы куәлік;
- жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама,
-көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) мемлекеттік АӘК алушыларға тиесілігі туралы, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын адамдардың табыстары туралы, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа берілген балалар туралы, патронаттық тәрбиеге және асырап алушы отбасына берілетін анықтама.
Құжаттарды қабылдау уақыты: 2024 жылдың 27 шілдесіне дейін.
Қосымша ақпарат үшін әлеуметтік педагог нөмері 87477230543.