back-image
"Сарытөбе негізі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сарытөбе негізі орта мектебі" КММ
«ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН -ТӘУЕЛСІЗДІК»
13-12-2024 09:58
«ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН -ТӘУЕЛСІЗДІК»
1991 жылы 16 желтоқсанда "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заң қабылданды
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Қазақстанда ұлық мереке – Тәуелсіздік күнін атапөтеді. Биыл қазақтың тәуелсіздік алғанына 33 жыл толып отыр.
1991 жылы Кеңес одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер өз алдына жеке мемлекет болып шыға бастады. Солардың арасында Қазақстан да бар еді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Жоғарғы кеңес "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заң қабылдады. Сол сәттен Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды.
Еліміздің тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш Америка Құрама Штаттары мойындады. Одан кейін Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Ал Түркия бірінші болып Қазақстанда өз елшілігін ашты.
1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Ядролық қарудан бас тартты. Шекарасын шегендеп, жаңа астанасын салды.
Бүгінде Қазақстан – БҰҰ-ның толыққанды мүшесі, Еуроодақ, МАГАТЭ, ЮНЕСКО және басқа да аса ықпалды халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтып отыр. Олардың қатарында ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ЭЫДҰ секілді беделді халықаралық ұйымдар бар.
2022 жылдан бастап Тәуелсіздік күні тек бір күн – 16 желтоқсанда мерекеленеді. Сәйкесінше, қазақстандықтар сол күні демалады, ал 17 желтоқсанда жұмысқа шығады. Ал бұрын заң бойынша Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсан күндері аталып өтетін.
Дәстүр бойынша Тәуелсіздік күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік концерттер мен тағылымы мол іс-шаралар өтеді. Әлеуметтік нысандар іске қосылады. Мереке құрметіне қайырымдылық шаралар, спорттық сайыстар ұйымдастырылады.
Новости