back-image
КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"
"Қош келдің ,Әз- Наурыз"атты мерекелік концерт
26-03-2024 11:32
Байқадам жалпы білім беретін мектебінде 19-наурыз күні сынып жетекшілер мен ата-аналар қатысуымен бастауыш сыныптар арасында "Қош келдің ,Әз- Наурыз"атты мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет- ғұрпымызбен байланыстыра отырып,жас ұрпақтың бойына салт-дәстүрлерімізді дәріптеу.Бастауыш сынып оқушылары наурыз туралы өлең,тақпақтарын нақышына келтіріп мәнерлеп айтты. Оқушылар би билеп, «Бесіке салу», «Тұсау кесу» салт-дәстүрлер көрсетіп, әжелеріміз шашу шашып, балалармен және ата-аналармен ұлттық ойындар ойналды. Келген қонақтарға дастархан жайылып,наурыз көже таратылды. Наурыз мереке ерекше, жарқын, көңілді өтті Ұлыс оң болсын, ақ мол Мереке құтты болсын!
 
Новости