«Аяулы аналар- асыл жандар » атты ашық тәрбие сағаты
8-наурыз мерекесіне орай 5-наурыз күні 3 «А»сыныбында Жангир Алтынгүл мұғалім «Аяулы аналар- асыл жандар » атты ашық тәрбие сағатын ата-аналардың қатыстырылуымен өткізді. Мақсаты : Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
3-сынып оқушылары Шамеров Алпамыс және Сайрат Айзада барша аналарға арнап, ана туралы әндерін нақышына келтіре орындап шықты.Оқушылар аналарына арналған өлең шумақтарын ,тақпақтарын және би билеп өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын сыйлады. Тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтілді.
ДТІЖО МАЙКЕНОВА М.К