back-image
КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"
2023-2024 оқу жылында Кәсіптік бағдар бойынша жұмыстары
22-11-2023 13:32
2023-2024 оқу жылында Кәсіптік бағдар бойынша жұмыстары
Кәсіби бағдар – білім алушының кәсіби қызығушылығына, жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім алудағы және кәсіби саладағы мүмкіндіктерді, мамандықты және оқу орнын еркін әрі саналы түрде таңдау құқықтарын іске асыруда ақпарат беру және консультациялық көмек көрсету.
 Мектептегі кәсіби бағдар жұмысының мақсаттары:
1. Оқушылардың еңбекке деген саналы қатынасын, тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын және өңір мен елдегі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі шеңберінде кәсіби өзін-өзі айқындауын қалыптастыру.
2. Оқушыларға кәсіби бағдар беруде болашақ мамандығы мен оқыту бейінін таңдауға, сонымен қатар болашақ кәсіби мансабын жоспарлауға қолдау көрсету.
 Кәсіби бағдар жұмысының негізгі міндеттері:
1. Оқушыларды оқыту бейіні бойынша бөлу үшін олардың бейімділіктері, қабілеттері, қызығушылықтары туралы объективті мәліметтер жинау;
2. Элективті курс сабақтары мен тәрбие жұмысында қолданылатын оқытудың кешенді және дәстүрлі емес формалары мен әдістері есебінен бейіндік оқытудың вариативтілігінің кең ауқымын қамтамасыз ету;
3. Жұмысқа орналасу қиындығын болжауға оңай болатын кейбір оқушылар топтарына яғни, түзету мектептері мен сынып оқушыларына қолдау көрсету;
4. Жоғары сыныптар арасында қосымша және кәсіби білім беру мекемелерімен, өңірлік кәсіпорындармен ынтымақтастықтың икемді жүйесін әзірлеу;
5. Ата-аналарды мектеп оқушыларының бойында өмірдің әртүрлі салаларына деген өмірлік қызығушылықтарын кеңейту, басым қызығушылықтарын қалыптастыру мен кәсіби бағдар беру жұмысына жұмылдыру;
7-11 сынып оқушылардың Кәсіптік бағдарын зерттеу бойынша тест
жұмысы алынды.
Тест қорытындысы:
 Жаратылыстану ғылымдары-17
 әлеуметтік ғылым-8
 гуманитарлық-7
 өнер-6
 нақты мүдделер жоқ-7
Новости