back-image
КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"
Қауіпті ойын «Беги или умри»
23-10-2023 10:41
Қауіпті ойын «Беги или умри» атты балалардың өміріне қауіп туғызатын трендттің таралуына байланысты оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қосымша оқушыларға жол ережесі туралы ақпараттар берілді. Балалардың жол үстінде қайғылы оқиғаларға ұшырауының негізгі себебі-жол қозғалысының қарапайым ережелерін сақтамау болып табылады. Өз қауіпсіздігің үшін мына ережелерді мықтап естеріне сақтап алыңдар.
Жүріп бара жатқан автобус не маршруттық таксиде барлық кезде тұтқадан ұстап тұр.
Ролик, велосипед және скейтборд тепкенде мұқият және абай бол.
Жолдың арғы бетіне тек бағдаршам тұрған немесе жаяу жүргінші өтетін жерден өт.
Тек қана бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана жолдан өт.
Жүріп бара жатқан көлік алдынан кесіп жүгіріп өтпе.
Жолдың көлік жүретін бөлігінде ойнама.
Егер жаяу жүргінші жүретін жол жоқ болса, онда көлік қозғалысына қарама- қарсы жолдың оң жағымен жүр. Сынып жетекшілер жол ережесіне байланысты тәрбие сағаттарын да өткізді.
ҚОББтәрбие
@uo_krg
@g.kozhakhmetoova
bahyt_himaldin
@buharjirau_raioo
Новости