Адалдық, парасаттылық - адамдықтың белгісі!!!
20.01 күніне «Байқадам жалпы білім беретін мектебінде» бірыңғай Парасаттылық сағаттарының жұмыс жоспары құрылып, тәрбие сағаттары жоспар бойынша өтті.
Парасаттылық сағаттарының өткізілу мақсаты:
- Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жат әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
- Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
- Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
2-11 сыныптар арасында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес парасаттылық тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттар жас ерекшеліктеріне сай әр түрлі формада (пікірталас, дөңгелек үстел, сайыс) өткізілді. Оқушылар бір-бірінің ой-пікірлерін тыңдап, өз ойларымен бөлісті. Сынып сағаттары ойдағыдай өтті, оқушылар белсене қатысты. Оқушылар адалдық, қайырымдылық, адамгершілік, мейірбандылық сөздерінің мағынасы жайлы ақпараттар алды, және де ақпараттарымен бөлісті.
«Байқадам жалпы білім беретін мектебі» КММ
Тәлімгерлер: Саганаева К.К
Ахмет А.Д