back-image
КГУ "Алгабасская основная средняя школа"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Алгабасская основная средняя школа"
Тәрбие жұмысы
13-06-2022 22:10

Тәрбие жұмысы есебі 2021-2022 оқу жылы

Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Рухани адамгершілік құндылықтары арқылы оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2019 жылғы «15» сәуірдегі  №145 бұйрығына 2-қосымша, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады.

Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрдегі бірлескен жұмыс

Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда келесі базадағы нормативті-құқықтық құжаттарға сәйкес жүргізіледі: Бала құқығы туралы конвенция, ҚР Конституциясы, Неке және отбасы туралы, ҚР баланың құқықтары туралы, Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы, Білім туралы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, ҚР өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері,  Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.

Мектептегі тәрбие жұмысы бойынша жалпы мәліметпен таныстыра кететін болсам:  Жалпы оқушы саны – 37, Педагогтер саны – 13, Сыныптар саны – 9, Сынып жетекшілер саны -7, Шағын орталық – 1, “Балдырған ”шағын орталығы Кітапхана – 1, Асхана -1, Үйірмелер саны – 7 (Театр, Жасыл ел, Тоғызқұмалақ, Дебат, Шахмат, Жас құтқарушылар, Қолөнер үйірмелері жұмыс жасайды. Кейінірек толығырақ тоқталып кететін боламыз. Сонымен қатар:

  • Мектепішілік парламент
  • Адалұрпақ еріктілер клубы
  • Жас қыран, Жас ұлан ұйымдары жұмыс жасайды

2021 - 2022 оқу жылына арналған Қарағанды облысының орта білім беру ұйымдарында тәрбие  жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес 1-9 сыныптарға жылдық тәрбие жұмысы жасалып бекітілді.

1 қыркүйекте дәстүрлі форматта білім беру ұйымдарын ашу барысында барлық  санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақталды. Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады және «Әліппе» алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етіледі. Іс-шараға бірінші сынып оқушылары ата-аналарының біреуіне қатысу ұсынылады.

Сонымен қатар 1 қыркүйегінде 2-9-сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында республикалық сынып сағаты, ашық сабақ өтті.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында 3 қыркүйек сағат 11.00-де мемлекеттік тілде (кириллицада) жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Ашық диктантқа мектеп ұстаздары мен мектеп қызметкерлері қатысты.

5 қыркүйек  - ҚР  халықтарының Тілдері күні мерекесінде  2-9 сыныптарда "Тіл ел байлығы" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар тіл туралы мақал-мәтелдер айтып, шығарма жазды, Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен танысты.

Қыркүйек айында 2-4 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы өтті. Оқушылар жол белгілерімен танысты. Акция мақсаты: балаларды мектепке және үйге дейін қауіпсіз және жайлы жеткізуді қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қызметін жандандыру.

Қыркүйек айының 28-і күні Алғабас негізгі орта мектебінің оқушылары Ұстаздар күніне орай ізгі тілектерін білдіріп, 3 тілде алғыстарын айтты.

9 сынып оқушылары «Ұстаз—ұлы есім» мерекелік іс- шара ұйымдастырған болатын.

“Алғабас негізгі орта мектебі” КММ-де поэзияның асқар шыңы, өлең сөздің мұзбалағы-Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай “Поэзия! Менімен егіз бе едің?” атты тәрбие сағаты өткізілді.

Оқушылардың көркемдік, рухани және адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2021 жылдың 11-16 қазан аралығында «Эстетикалық сауаттылық» апталығы жұмыс жоспары құрылып, өткізілді.

«Шеберлер әлеміне саяхат» апталығының ашылуы өтті. 8-9 сыныптар арасында

"Әлем балалардың көзімен" такырыбында постерлер байқауы өтті.

2-4- сыныптарда «Бояулар әлемінде» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар ұлттық ою-өрнектермен танысты. Ою-өрнектердің шаблондарын түрлі түсте бояды. Мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Апталық аясында 4- сыныпта «Музыка әлеміне саяхат» тақырыбында «Сен білесің бе?» викторина сағаты өтті. Оқушылар ұлттық музыкалық аспап домбырамен және оның жасалуымен танысты. Домбыра аспабын түрлі түсте бояды. Тәттімбет аталардың, Дина апаларымыздың күйлерін тыңдады. Мақсаты: оқушылардың музыкалық ойлауын дамыту.

Бастауыш сыныптарда оқушыларға әдеп ұғымымен, әдептілік ережелерімен таныстыру мақсатында «Әдептілік ережесі» тақырыбында зияткерлік ойын өтті.

1 сынып оқушылары күз мезгіліне байланысты суреттер салып, табиғи материалдардан әртүрлі бұйымдар жасап, жемістер мен көкөністердің суретін сала отырып өз белсенділіктерін танытты.

4-сыныпта оқушылардың көркемдік- эстетикалық талғамын дамыту, қол жұмысы дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту мақсатында «СИҚЫРШЫ КҮЗ» атты көкөністерден жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырылды.

5-7 сынып оқушылары арасында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Алтын күз» көрме байқауы өтті.

Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеттерімен ой ұшқырлығын қалыптастыру.

25 қазаннан 30 қазан аралығында Ыбырай Алтынсаринныі 180 жылдығына арналған «Кел балалар, оқылық!» апталығы өткізілді.

1-9 сыныптар аррасында «Ұлттың ұлы ұстазы» тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары Ыбырай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп айтып берді.

1 желтоқсан—ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ күні. 1-9 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Ұрпағымызды Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.

16 желтоқсан

Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастауыш сыныптар арасында патриоттық өлеңдерден мәнерлеп оқу, «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары, «Жаса, жайна, тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты:

Ұрпағымызды шынайы патриот болуға тәрбиелеу. Еліне деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру. Мақсаты:

Ұрпағымызды Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; Еліне деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.

1 сынып оқушылары"Елін сүйген, елі сүйген- елбасы"атты өнеге сағаты өтті.Өнеге сағатын еліміздің Әнұранымен бастады.Оқушылар Елбасы туралы тақпақтарды жатқа мәнерлеп айтты.Сонымен қатар патриоттық әндер шырқады.

8-9 сынып оқушыларының арасында "Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында" интеллектуалды ойын, патриоттық өлеңдерден мәнерлеп оқу байқауы өтті.

24 желтоқсан күні үздік, озат оқушыларының бірі Мұрат Даянаға аудандық Әкім шыршасынан және де  көпбалалалы отбасынан шыққан Рымтай Мейірланға Облыстық әкім шыршасынан Жаңа жылдық сыйлық берілді.

Оқу сауаттылығы апталығы

17-21 қаңтар күндері оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде оқушылардың таңымдық қызығушылығын, шығармашылық қызметтерін дамыту мақсатында «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» апталығы өткізілді. Әлем таныған ( М. О. Әуезов туғанына 125 жыл) тақырыбында мұғалімдер арасында дөңгелек үстел өтті.

Д. Қонаевтың 110 жылдығына арналған "Қазақтың бір туар ұлы Д. Қонаев" тақырыбында мұғалімдер арасында естелік кеші өтті.

Функционалды сауаттылық- тұлға қалыптастыру мақсатында 2-4-сыныптар Ы.Алтынсариннің “Бақша ағаштары” әңгімесінен бестік диктант алынды. 6,7- сынып оқушылары Ы.Алтынсарин."Білгеннің пайдасы" әңгімесі бойынша бестік диктант жазды. 8,9-сынып оқушылары заңғар жазушы М.Әуезовтың шығармалары бойынша эссе жазды.

2-4 сынып оқушылары арасында «Біз — бақытты ұрпақпыз!» тақырыбында сынып сағаты өтті. «Біз — бақытты ұрпақпыз!» челлендж.  4-сынып оқушылары М.Мақатаев өлеңдерін оқыды.

«Оқу сауаттылығы және заманауи қоғам!» тақырыбында «Жаңылтпаштан жаңылма!» танымдық сайысы өте қызықты өтті. Балалар жаттаған жаңылтпаштарын мүдірмей айтуға тырысты.

1 ақпан күні "Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігіне орай 5-9 сынып оқушыларымен салтанатты саптық жиын ұйымдастырылды. Оқушыларды онкүндікте өтетін іс-шаралардың жұмыс жоспарымен таныстырылды.

3 ақпан күні 5 сынып оқушыларымен “Өзін-өзі тану” рухани адамгершілік білім беру бағдарлама авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы “Балаға жүрек жылуы” атты кітап көрмесі болды. 9 сынып оқушыларымен "Өзін-өзі тану" рухани адамгершілік білім беру авторы С. А. Назарбаеваның кызметі туралы "Балаға жүрек жылуы " тақырыбында сынып сағаты өтті. «Жанұя жылуы» тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты: отбасының құндылықтарын түсіну, ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін, мейрімділігін білу.

Дене тәрбиесі, таңғы жаттығу

Таңғы жаттығуды өткізу мақсаттары мен міндеттері:

-оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту.

-оқушылардың ағзасын таңғы жаттығу барысында сабаққа белсенділігін арттыру.

-салауатты өмір салтын ұстану және насихаттау.

 

Дебат үйірмесі

- 16 қыркүйекте Парасат дебат клубы  “Мен пікірсайысшымын” атты челенжді бастады.

Қыркүйек айында 7-8сынып оқушылар арасында" COVlD-19 тақырыбына байланысты пікір сайыс өтті. Мақсаты: оқушылар вакцинаға, вирусқа байланысты өз ой пікірлерін ортаға салды. "Тұлпар" тобы зиянын, "Сұңқар" тобы жақсы жағын айтып өз ойларын айтты. Соңында қорытындысын мектеп медбикесі Шалқыбасова Ғ түсіндірме жүргізді.

21 қаңтар күні " ХХІ ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры! " оқу сауаттылығы апталығы аясында 8-9 сынып арасында "Soz- zerde" зияткерлік сайыс өтті.

Театр үйірмесі

Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына «Әке мен бала» санхналық қойылымын өткізді.

Жетекшісі Кабаева Альфия Екпинтаевна «Шырақ» театр ұжымы, көркем сөз жанр бағыты бойынша  «Мәңгілік Ел – Мұратым» тақырыбында «театрдың ғажайып әлемі» театр әлемінің аудандық фестиваль байқауы «көркем сөз» номинациясы бойынша ІІІ орын алды.

16 сәуір күні "Алғабас НОМ" КММ де "Әр сыныптан - бір ағаш" акциясы ұйымдастырылып, оқушылар 10 ағаш бекетін отырғызды.

БАҚ құралдарымен жұмыс

«Ағаш отырғызу – сауапты іс» атты мақаласы Бұқар Жырау жаршысы газетіннің №15 (1457) 23 сәуір 2022 жыл. Жариялаушы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шәкәрім А.Т., биология, экология пәні мұғалімі Сармантаева Г.К.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастауыш сыныптарда дене шынықтыру пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен «Тоғызқұмалақ», «Дойбы» ойындарын оқушылар қызыға ойнады.

Балалар жылы 2022

2022 жыл елімізде "Балалар жылы" деп жарияланды.

«Алғабас НОМ» КММ-де 19 сәуір күні «Балалар жылы 2022» орай мектеп оқушылары Керней с.о. әкімі Есентаев Ерхан Болатұлымен кездесті.

Мектеп директоры мен кент әкімі оқушыларды балалар жылымен құттықтап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Осыған байланысты балалар толғандырып жүрген, көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Сұхбаттасу барысында оқушылар біраз ойларымен бөлісті және ауыл әкімінен баллар жылына орай мектеп маңына «Балалар алаңын» құруды сұрады. Ерхан Болатұлы балалардың осы тілегін қолдап, алдағы уақытта балалар ойнау аланың салуды жоспарға енгізетінін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген Барыс жылын "Балалар жылы" деп жариялады.

Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды "Балалар жылы" деп жариялау керек деп есептеймін. «Қасым-Жомарт Тоқаев»

Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты.

Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мектеп парламенті туралы

Парламент – оқу-тәрбие процесінің мәселелерін шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі. Парламентте оқушылар мен педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы әріптес болады. Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны.Білім беру процесін демократияландыру мақсатыында Әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес мектепте өзін-өзі басқаруы ұйымы құрылды.

Жоғары сынып оқушылары мекетеп президенті болуға өз кандидатураларын ұсынған болатын. Оқу жылының басында оқушыларға алдын ала әлеуметтік желіде мектеп президентін сайлауға байланысты анонс жүргізілді. 10 қыркүйек күні "Мектеп парламенті" білім алушылардың өзің-өзі басқаруы бойынша мектеп президентінін сайлауы өтті. 5-9 сынып оқушыларынан 18 оқушы қатысты. Комиссия мүшелері құрылып, қорытындысы шығарылды. Қорытындыға сәйкес Есентаева Индира көпшілік оқушылардың дауысын жинап мектеп президенті болды.

Адал ұрпақ еріктілер клубы

29 қазан күні "Адалдық ұрпақ" сағаты өтті. Сағат аясында Қазақстан КТА одағының президенті Есентүгел Елеукенмен түсірілген сұхбат көрсетілді.

8-9 сынып оқушыларымен "Адал болу дегеніміз не?" тақырыбында сұрақ-жауап арқылы дөңгелек үстел өтті. Оқушыларды "Адал ұрпақ" бұрышымен таныстырылды. Оқушыларды жемқорлыққа қарсы ойлау жүйесін және санасын қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жол бермеу жөнінде мағлұмат берілді.

Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай 2 сынып оқушылары "Жас қыран" қатарына қабылданды.

 

Асхана жұмысы

Орта білім ұйымдарында білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру , сондай-ақ  мектепте  дейінгі  ұйымдарда жартылай жетім мен қамқорлығынсыз қалған балаларға  арналған білім  беру ұйымдарында  тәрбиеленетін және білім алатын  балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты  тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы  Қазақстан Республикасы  Білім және  ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598  бұйрығын басшылыққа ала отырып 1-4  сыныптың 13 оқушысына  ыстық тамақты ұйымдастырылды.

   2021-2022 оқу жылында 8 қарашадан бастап 1-4 бастауыш сыныпқа ыстық тамаққа барудың кезекшілік  кестесі жасақталды. 1 күндік тамақтың  құны  1-4 сыныптар бойынша 300  теңге, 1 ауысымда   кезең  09.45-09.55 кесте бойынша тамақтанса 2 кезеңнің оқушылары  16.40-16.45 те  тамақтанады .

Күнделікті ата аналарға арналған бақылау асы қойылғған және күнделіктітаңертең мектеп медбикесі асхананы тексеріп, тамақтануға рұқсат берген жағдайда оқушылар тамақтанатын айтты.

Сенбілік жұмыстары

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Мектеп ауласын қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары басталды. Мектеп маңайында жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мектеп қызметкерлері, ұстаздары бір кісідей атсалысып, бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.Қарларды мектеп маңынан әрі қарай лақтырып, мектеп ауласы қоқыстардан тазартылды. Шағын орталық іргелерінің құлаған балшықтарын жаңартып, ағарту жұмыстары жүргізілді. Мектеп маңы әлі де толық кепкен жоқ, ауыл қар суы әлі де жатыр. Жанымызға рахат, көңілімізге шаттық сыйлайтын тазалақ шараларына алдағы уақытта да белсене қатысып, «Тазалық айында» сенбілік жұмыстары жалғасасады.

Новости