20-қараша күні сағат 9:30да ауыл мектептерінің 9-11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің салтанатты ашылуы мектебіміздің қабырғасында өтті. Ашылу салтанаты мектеп басшысы мен ауыл әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Олимпиаданың мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру. Аталмыш олимпиадаға мектебімізден 11 оқушы қатысады. Шәкірттерімізге сәттілік тілейміз.
Ауыл мектептерінің 9-11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада