back-image
Коммунальное государственное учреждение "Березняковская общеобразовательная школа" отдела образования Бухар-Жырауского района управления образования Карагандинской области

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Коммунальное государственное учреждение "Березняковская общеобразовательная школа" отдела образования Бухар-Жырауского района управления образования Карагандинской области
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
15-06-2022 09:45
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

«Березняк жалпы білім беретін  мектебі » КММ-гі «Адал ұрпақ» клубы бойынша 2021-2022 оқу жылындаатқарылған жұмыс  есебі

          «Березняк жалпы білім беру орта мектебі » КММ-нде қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы 2021-2022 оқу  жылғы кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында  9-11-сыныптар аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 26 жылдығы» атты түсіндірме сағаттары өтті.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының топ мүшелері 4-11 сыныптар арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау жұмыстарын жүргізіп,  мемлекет арасындағы қарым – қатынастардың мәні, құқықтар мен міндеттер жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Мектеп кітапханасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» сурет көрмесі ұйымдастырылып, оған бастауыш, орта буын, жоғарғы сынып оқушылары қатыстырылды. Үздік жұмыстарға ұсынылған  5 «а» сынып оқушылары  Санат Жанайым, Башир Асылан, Дінмұхаммет Мұхтар , 6 «А» сыныптан  Амантай Мағжан марапатталды. 8-10-сынып оқушыларымен «Біз жемқорлыққа қарсымыз, «Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Тарих пәні мұғалімі Толоухан Аманай  « Сен құқығыңды білесің бе?»  тақырыбында танымдық сабақ өткізіп, жасап, жемқорлықтың алдын алу шараларын ұйымдастырды.

Сонымен қатар Тәрбие ісінің меңгерушісі Хавий Дінмұхаммет  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында оқушыларға сауалдар тастап, сол төңірегінде пікіралмасты.   «Жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында баяндама оқыды. Жалпы мектептің көрнекі жеріне оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта салған суреттерінен шағын бұрыш жасалды.

Жалпы мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті ұйымы мүшелері оқушылар арасында үнемі әңгімелер жүргізіп, әлімжеттік мәселелерінің де болмауын тұрақты қадағалап отырады. Осы бағыттағы іс-шаралар жоспар бойынша тиянақты атқарылады.

            

  Дайындаған. Тәрбие ісінің меңгерушісі:  Д. Хавий

Новости