back-image
Коммунальное государственное учреждение "Березняковская общеобразовательная школа" отдела образования Бухар-Жырауского района управления образования Карагандинской области

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Коммунальное государственное учреждение "Березняковская общеобразовательная школа" отдела образования Бухар-Жырауского района управления образования Карагандинской области
Дарынды оқушылармен жұмыс
10-06-2022 11:58

«Адамды бір нәрсеге үйретіп қажеті жоқ, бар болғаны оған өзіне керекті жаңалықты

ашуға көмек беру қажет» Г. Галилей

Ел Президенті өз жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады», - деп атап көрсетілгендей, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі болып, өрісі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Бұл міндетке дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.

Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдің қай-қайсысы болсын, негізінде оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың да дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыру қажет. Бұл ұстаз-парызы. Дарын – бұл табиғаттың берген сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, әрі қарай шыңдау – ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды оқушы – ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.Қыркүйек айында оқушылардың ой-өрісін зерттеу арқылы дарынды оқушыларды анықтау және жас ақындармен жұмыс жоспарланған болатын. Қыркүйек айында оқушылардың ой-өрісін зерттеу арқылы дарынды оқушыларды анықтады

Мектепішілік іс-шараларға белсене қатысып, өзінің дарындылығын көрсетіп жүрген, жақсы қырларынан танылып қашықтық олимпиадалардан көш бастап жүргендері қаншама.

Новости