back-image
КГУ " Опорная школа (ресурсный центр) имени Куляш Байсеитовой"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ " Опорная школа (ресурсный центр) имени Куляш Байсеитовой"
"Ана тілім-ардағым" интеллектуалды ойыны
18-09-2023 18:48

Қазақстан халықтары тілдері мерекесі барысында онкүндік іс-шара жоспары негізінде 4 "АБ" сынып оқушыларының арасында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Ана тілім-ардағым" интеллектуалды ойыны өтті.
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Ойын барысы екі топқа бөлуден басталды. І топ «Алғырлар» тобы, ІІ топ «Тапқырлар» тобы
Сайыс 5 бөлімнен тұрады:
1. Бәйге
2. Мақал - сөздің мәйегі.
3. Сөз тапқанға қолқа жоқ
4. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу
5. Жаңылтпаш жаттап,айтамыз тақ-тақ». ( «Әр топ 2 жаңылтпаштан айтады.)
6. Суреттер арқылы заттарды орыс тілінен қазақ тіліне аудару.
Сайыс қорытындысы бойынша І орын алған 4"а" сынып “Тапқырлар” тобы, II орын алған 4 "б" сынып "Алғырлар" тобы марапатталды.

Новости