Қысқы мозаика

Қысқы демалыс кезінде “Мичурин НОМ” КММ-де 6 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған “Қысқы мозаика” қызықты ойыны өткізілді. Іс — шараның негізгі мақсаты-коммуникативтік дағдыларды дамыту, ұйымшылдықты жақсарту, сондай-ақ оқушылар арасындағы бірлікті нығайту.
Ойын формасы балаларға сөздік қорын кеңейтуге, логикалық ойлауды дамытуға және шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді. Топтық жұмыс достық қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу процесі үшін де, жеке тұлғаны одан әрі дамыту үшін де маңызды өзара іс-қимыл және ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.