"Мичурин негізгі орта мектебі"КММ “Білім күні” аталып өтті.
2024 жылдың 1 қыркүйегінде "Мичурин негізгі орта мектебі"КММ “Білім күні” аталып өтті. "Мектеп – мейірім мекені" тақырыбындағы салтанатты шараға 1 және 9 сынып оқушылары қатысты. Салтанатты іс-шараның мақсаты білім алушылардың білімге, патриотизмге, еңбексүйгіштікке, жауапкершілік пен өзара сыйластыққа деген ұмтылысын қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру, сондай-ақ жаңа оқу жылының салтанатты ашылуы болды. Оқушылар ата-аналар, педагогтар және шақырылған қонақтар алдында сөз сөйледі. Құттықтау сөзін мектеп директоры А.С. Садыкова, оқу-әдістемелік орталығының өкілі Ж. А. Айтжанова , ауыл әкімі Е. О. Баймағамбетов, болашақ түлектердің бірі және бірінші сынып оқушысы айтып өтті. Жаңа оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау соғылды.