Қазақстан Республикасының Тілдер күні
Бүгін 04.09. күні Мичурин негізгі орта мектебінде Қазақстан Республикасы тілдер күнін атап өтуге арналған салтанатты жиын өтті. Мақсаты: Тіл туралы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, оқушы бойына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы жеткізе білу, өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету өз ұлтына еліне деген сүйіспеншілігін ояту.Үш тілді дамыту. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Жиын үш тілде басталып, оқушылардың үш тілде тіл туралы, елі, туған жері туралы ақындар өлеңдерін тебірене оқумен ерекше өтті.