back-image
КГУ "Мичуринская основная средняя школа"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Мичуринская основная средняя школа"
«Тілім менің тірегім»
16-09-2022 22:30
«Тілім менің тірегім»

Абай ауданы білім бөлімінің «Мичурин негізгі орта мектебі» КММ «Тіл мерекесіне» арналған «Тілім менің тірегім» атты апталық өз мәресіне жетті. Апталыққа мектеп ұжымы белсене қатысты. Апталықтың жабылу салтанатына әр сынып өздерінің бағдарламаларымен келді. Әділ-қазылар алқасы жұмыстарын тәмамдап, эсселер сайысының, қабырға газеттері сайысының, «Сөз шебері» сайысының, тақырыпқа сай сахналық қойылым сайысының қорытындысын шығарып, оқушылар салтанатты жиында марпатталды. Мектеп оқушыларына апталық бойы әр түрлі іс шаралар арқылы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілгендігі туралы ақпарат берілді. ҚР білім беру мазмұнын жаңғыртудағы «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени Жобасының жүзеге асырылу маңыздылығы да осында екені дәлелденіп көрсетілді. Апталық өз мақсатына жетіп, оқушылардың танымы мол ақпарат алғандарына сенімдіміз.

Новости