Қош бол, Валерия! Сәт сапар болсын!
"Мичурин негізгі орта мектебі" КММ оқушысы Лаптева Валерия дзюдодан облыстық турнирдің жүлдегері, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Әлия Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында оқуын жалғастырады. Біз Валерияға оқуда үлкен табыстар және спортта алға қойған мақсаттарына жетуді тілейміз.