
Қарабас кентінің № 15 ЖББ КММ-де 23 сәуір - "Ұлттық кітап күніне" орай мектеп кітапханасында "Кітап әлемі шақырады" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеде оқушылар қазақтың көрнекті жазушылары Абай Құнанбаев, Сәбит Мұқанов, Ілияс Есенберлин және басқа да қазақ әдебиеті майталмандарының шығармалары қойылған кітап көрмесімен танысты. Мақсаты:кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты тереңдету және өскелең ұрпақтың бойына өз елінің рухани мұрасына деген мақтаныш сезімін оятуға бағытталған.
Кітапханашы:Увалиева К.