
№15 жалпы білім беретін мектептің медбикесі М.Қ.Баймурзина «Туберкулездің алдын алу» тақырыбына профилактикалық әңгіме өткізді. Іс-шараға оқушылар қатысып, туберкулездің себептері, белгілері және таралу әдістері туралы маңызды ақпараттар берді. Алдын алу шараларына, уақытылы екпе алудың рөліне, флюорографиялық тексеруден өту қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Медбике иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін факторлар ретінде салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Әңгімелесу барысында оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды.