Қысқы каникул аясында "Н.Әбдіров атындағы ТМ (РО)" КММ 11 "А" сынып жетекшісі Төлетай А. "Рухани даму - бұл..”. тақырыбында сынып сағатын өткізді. Рухани адамгершілік даму мен тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Қазіргі заманғы отандық білім берудің аса маңызды мақсаты және қоғам мен мемлекеттің басым міндеттерінің бірі жоғары адамгершілікті, жауапты, шығармашылық, бастамашыл, құзыретті Қазақстан азаматын тәрбиелеу, қалыптастыру мен дамытуды әлеуметтік педагогикалық қолдау болып табылады. Балалар дөңгелек үстелде рухани даму түрлерін, мақсаттары мен міндеттерін талқылады.