"Нұркен Әбдіров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ әкімшілігі "Болашаққа қадам" жобасын іске асыру шеңберінде бейінді медициналық сыныптың білім алушыларына Жаңа жылға медициналық ақ халат түрінде қайырымдылық демеушілік көмек көрсеткені үшін "Абай тігін фабрикасы"ЖШС директоры И.М. Малюкке шын жүректен алғысын білдіреді.
Сіздің қолдауыңыз- оқушыларымыздың кәсіби болашағына және олардың білімге деген ұмтылысын дамытуға қосқан үлесі. Қамқорлығыңыз бен игі істеріңіз үшін рахмет!