Салауатты өмір салты- аурудың алдын алу және денсаулықты нығайту мақсатында жеке адамның өмір салты. Салауатты өмір салты біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді орындауға, жоспарларымызды сәтті жүзеге асыруға, қиындықтарды жеңуге, қажет болса, үлкен жүктемелермен күресуге көмектеседі. Адамның өзі қолдайтын және нығайтатын мықты денсаулық оған ұзақ және қуанышты өмір сүруге мүмкіндік береді. "Н.Әбдіров атындағы ТМ (РО)" КММ-де " 11 "А" сынып жетекшісі А.Төлетай "Саламатты мектеп" бағдарламасы аясында балалармен "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Балалар сабақта жаттығулар жасап, әртүрлі кроссвордтар шешті.