Денсаулыққа құндылық қатынасын қалыптастыру, өз болашағы үшін жауапкершілікті дамыту қазіргі тәрбие процесінің басым міндеттерінің бірі болып табылады.
2025 жылғы 08 желтоқсанда 10 " А "сыныбында "Өзіңе айт: мен денсаулықты таңдаймын!" тақырыбында сынып сағаты болды. Сабақ барысында денсаулықтың үш құрамдас бөлігі (физикалық, психикалық, әлеуметтік) қаралды, интерактивті жаттығулар ("Таңдау сіздікі", "Менің денсаулық декларациям") өткізілді. Соңында оқушылар рефлексияға қатысып ұранды бекітті:
"Мен денсаулықты таңдаймын, демек мен болашақты таңдаймын!»