2025 жылдың 1 желтоқсанында 5А сыныпта «Дұрыс ұйқы — білім алу энергиясы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар толыққанды ұйқының маңыздылығымен танысып, оның денсаулық пен үлгерімге қалай әсер ететінін білді. Денсаулыққа пайдалы күн тәртібі мен кешкі дағдылар талқыланды. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сынып сағатының соңында балалар алған білімдерін бекіту үшін Learning Apps платформасында қызықты викторина өткізілді.