«ДосболLIKE» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 4-сынып оқушылары "татуласу сөздігін"дайындады.
Балалар достықты сақтауға, басқалардың сезімдерін құрметтеуге және жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге қандай сөздер көмектесетінін бірге талқылады. Сөздікке өз эмоциялары туралы сөйлесуге, кешірім сұрауға, сыныптастарына алғыс айтуға және қолдау көрсетуге үйрететін жылы және мейірімді тіркестер кірді. Мұндай шығармашылық тапсырма мектеп ұжымында зорлық-зомбылық пен достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам болды.