Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы және
" Жұмысшы мамандықтар жылы "аясында Абай көпсалалы колледжінің өкілдері, 2025 оқу жылының 25 қарашасында Абай көпсалалы колледжі "Нұркен Әбдіров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара оқушыларды кәсіптік бағдарлауға және оларды орта кәсіптік білім алу мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталған.
Кездесу барысында білім алушыларға колледждің білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары және одан әрі жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат ұсынылды. Колледж оқытушылары мен студенттері мамандықтардың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып, сұрақтарға жауап беріп, оқу тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу жылы және тартымды атмосферада өтті, бұл 9-сынып оқушыларының қызығушылығын тудырды және оларға одан әрі білім беру бағытын саналы түрде таңдауға көмектесті.