Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы және "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында Қарағанды "BOIASHAQ" академиясының өкілдері 2025 жылғы 14 қарашада "Нұркен Әбдіров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ 11 сынып оқушыларымен "BOIASHAQ" Қарағанды академиясында дайындық бағыттарымен, қабылдау ережелерімен және оқу ерекшеліктерімен танысу мақсатында кездесу өткізді; түлектердің кәсіби өзін-өзі анықтауына жәрдемдесу, олардың болашақ мамандық пен оқу орнын таңдауға саналы көзқарасын қалыптастыру.
Түлектер ақпаратқа қызығушылық танытты, оқуға түсу, студенттік өмір және болашақ мамандықтар туралы көптеген сұрақтар қойды. Кездесу жылы және сындарлы атмосферада өтті.