11 қарашада "ДосболLIKE" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)" КММ қызметкерлерімен кезекті сабақ өткізілді. Кездесу барысында қатысушылар кейс-жағдайларды қарастырып, оларды нақты педагогикалық жағдайлар тұрғысынан талдап, алған білімдерін бекіту үшін практикалық жаттығулар жасады.
Мұндай сабақтар мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, командалық өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға және қауіпсіз, мейірімді білім беру ортасын құруға ықпал етеді.