10 қарашада 2"Б" сыныбында Қазақстанның ұлттық валюта күніне арналған сынып сағаты өтті.
Сынып сағаты танымдық және қызықты өтті. Балалар Қазақстанның ұлттық валютасы — теңгенің қалай пайда болғанын, алғашқы Қазақстандық банкноттар мен монеталарды кім жасағанын, сондай-ақ теңгенің ел үшін қандай маңызы бар екенін білді. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді, ақша белгілерінің суреттерін қарастырды және шығармашылық тапсырмаларды орындады.
Іс — шара барысында балалар теңге тек ақша ғана емес, Қазақстанның тәуелсіздігі мен экономикалық тұрақтылығының символы екенін түсінді.