Бүгін 8 «Б» сыныбымен «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздік.
Бүгін 8 «Б» сыныбымен «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздік.
Оқушылар адалдықтың мәнін, еңбектің қадірін және табыстың таза жолмен келуі туралы өз ойларымен бөлісті. Пікірталас, шағын тапсырмалар мен өмірлік мысалдар арқылы балалар шынайы еңбектің ғана нағыз жетістікке жеткізетінін түсінді.
Осындай кездесулер оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға үлес қосады.