
"Н.Әбдіров атындағы тірек мектепте (ресурстық орталық) КММ-нде 4Б сыныбында «Еңбек – жай әрекет емес, адам болмысының айнасы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шара Мемлекеттік Әнұранды орындаумен және Абайдың:
«Еңбек – жай әрекет емес, адам болмысының айнасы» сөздерін талқылаумен басталды. Оқушылар бейнеролик көріп, «жұмыс» сөзіне үш ассоциация жазды. Сипаттамасы бойынша мамандық» және «Шеберхана құрастыр» қызықты ойындарын ойнады. Еңбек – тұлғаны қалыптастыратын, жауапкершілікке, мамандықты құрметтеуге үйрететін, әр адамның өз жолын табуға көмектесетін құндылық екенін ұғынумен сабақ қорытындыланды.