
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай кітапханамызда еліміздің негізгі заңына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Конституцияның қабылдану тарихын, оның мемлекеттіліктің дамуындағы маңызын көрсететін басылымдар, сондай-ақ заң ғылымы мен мемлекеттік құрылымға арналған кітаптар мен мақалалар қойылған. Көрме Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі ретіндегі маңыздылығын еске салады.