Бүгін 7 сәуір күні 8 «А» сыныбында мектебімізде із қалдырған жерлесіміз Нұркен Әбдіровтің ерлігіне арналған «Ерлік» сабағы өтті.

Бүгін 7 сәуір күні 8 «А» сыныбында мектебімізде із қалдырған жерлесіміз Нұркен Әбдіровтің ерлігіне арналған «Ерлік» сабағы өтті.
Нүркен Әбдіров 16 жауынгерлік қимылда 12 танкті, адам күші мен техникасы бар 28 машинаны, оқ-дәрілері бар 18 арбаны, 1 жанармай цистернасын жойды. Соңғы жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде Н.Әбдіров басқа экипажға көмекке келді. Оның ұшағы соғылды, бірақ батыл ұшқыш шабуылды жалғастырды. Түтін мен жалынның арасынан жанар-жағармай цистерналарын көрген Н.Әбдіров оларға жанып тұрған ұшақты бағыттады. Ол небәрі 23 жаста еді. 1943 жылы 31 наурызда сержант Нұркен Әбдіровке қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.