
Гитара – ерекше музыкалық аспап. Гитарада ойнау кез келген адам үшін қызықты және пайдалы болуы мүмкін. 26 наурызда «Нүркен Әбдіров атындағы ОБС (ОҚ)» КММ 9А сыныбында «Гитарада ойнау бойынша шеберлік сыныбы» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Балалар аспаптың жасалу және түрлену тарихымен және гитараның ерекшеліктерімен танысты. Ойнауды білетін жігіттер гитарада ойнаудың негізгі тәсілдерін көрсетті. Оқушылар қарапайым аккордтарды ойнауға тырысты, ал кейбіреулері қарапайым әуенді ойнай алды. Шара соңы шағын концертке ұласты.