back-image
"Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ
Құрметті ата-аналар!
30-07-2024 09:50
Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар!
Жаңа оқу жылының қарсаңында мектептерде жалпыға бірдей білім беру қорының есебінен түрлі санаттағы балаларға материалдық көмек көрсету жұмысы жалғасуда.
Мектептің алқалы органы - қамқоршылық кеңес анықтайтын бұл көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ, төтенше жағдайда қалған және өзге де санаттағы балаларға беріледі.
Ақша қаражаты ата-аналардың карталық шотына аударылады, бұл оларға балаларымен бірлесіп мектеп формасын, аяқ киім, кеңсе тауарларын және басқа да қажетті заттарды алуға мүмкіндік береді. Биылғы ақшалай көмектің мөлшері 43 407 теңгені құрайды.
Ағымдағы жылдан бастап қаржылай және материалдық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.
Осыған байланысты, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Сіз «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізілімінде қарастырылған растаушы құжаттарды қоса ұсына отырып, мектептің кеңсесіне өтініш беруіңіз қажет.
Барлық қажетті бекіту құжаттарды: өтініш берушінің жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігі, некеге тұру немесе некені бұзу туралы куәлік, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек немесе қызмет алушыға жататыны туралы, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын тұлғалардың табысы туралы, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қорғаншылық пен қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге және асыранды отбасына алынған балалар туралы, ата-аналар немесе заңды өкілдері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Санатты бекітуді алу үшін ана-аналар немесе заңды өкілдері электрондық үкімет порталы арқылы немесе тұратын жеріндегі еңбекпен қамту орталығына өтініш береді.

Жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын есептеу тетігі АӘК алу тетігімен бірдей.
АӘК алу қабылданбаған жағдайда отбасының табысы есептеліп, ол тиісті ақпараттық жүйеде көрініс табады. Санатты растау 15 күн ішінде қаралады.
АӘК алушылар, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жатпайтын, бірақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың ата-аналары мектепке өтініш беруі қажет.
Өтінішті алқалы орган - қамқоршылық кеңес қарайды. Нәтижесінде отбасының тұрмыстық-материалдық жағдайы жөнінде қорытынды жасалып, тиісті шешім қабылданады.
Өтініш пен растаушы құжаттар жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға да мектепке ұсынылады.
Осы қаражатты мақсатты түрде қолдану үшін, ата-аналар 15 күн ішінде мектепке қажетті заттарды сатып алғаны туралы есеп ұсынуы қажет. Шығындарды растау үшін чектер немесе квитанциялар талап етілуі мүмкін.
Осындай бақылау жүйесі бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуына кепілдік береді.
Біздің жүргізген жұмысымыз, барлық оқушылар үшін, олардың әлеуметтік мәртебесіне немесе отбасылық жағдайына қарамастан, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Материалдық көмек біздің балаларымыздың оқу жылын сеніммен бастауына мүмкіндік береді.
Құрметті ата-аналар, барлық мәселелер бойынша Абай ауданы білім бөлімінің жедел желісі: 4-22-57 телефонына хабарласа аласыздар.

Новости