"Жайдарлы жаз" мектеп жанындағы лагерінде "Миунтты үнемде" квест-ойыны өткізілді, оның мақсаты ойын қызметі арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыру болды.
Ойын барысында балалар ақшаны ұтымды пайдалану қажеттілігі, олардың қайдан келетіні және қандай болатыны, ақша үшін еңбек деген не екендігі туралы түсініктерін кеңейтті, мамандықтар туралы білімдерін нығайтты.
Балалар жұмбақтарды шешіп, "табыс" және "шығыс" ұғымдарымен танысты, "кімге не керек", "суретші нені шатастырды" дидактикалық ойындарын ойнады, кроссвордтар шешті.
Квесттен өту үшін балалар тез тапқырлық танытып, келісе білуі керек еді.