15 маусым күні "Жайдарлы жаз" мектеп жанындағы лагерінде " “Жаттығуға жаса!» спорттық флешмобы өтті.
Балалар ашық ауада демалу мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында таңертеңгілік гимнастика кешенінен жаттығулар жасады. Мұндай іс-шаралар балаларды оң энергиямен қуаттандырады және дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына қатысуға мүмкіндік береді.
Оқушылар жаттығу жасауға қуанышты болды, көптеген жағымды эмоциялар алды, ең бастысы, өз денсаулығына пайдалы уақыт өткізді.